Жаңалықтар

Хостелде қаза тапқан азамат тірі боп шықты

Хостелде қаза тапқан азамат тірі боп шықты

Алматыда хостелдегі өрттен қаза тапқандар тізімінде тұрған азамат тірі болып шықты, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл ақпаратты Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасары хабарлаған.

Азаматтың аты-жөні - Әмірәлі Рамазан Батырәліұлы. 20 жастағы түркістандық азамат Шымкенттегі медреселердің бірінде оқитын болып шықты. Ол ақша табу мақсатында Алматыға келген екен.

Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын Рамазан Батырәліұлы үйіне, Сарыағаш ауданына оралады.

Ал ата-анасы перзентін Ташкентте медициналық тексеруден өту үшін шақырып алған. Қазір 20 жастағы жігіт ата-анасының жанында.

Еске сала кетейік, 30 қараша күні Алматыда хостелдердің бірінде өрт шығып, 13 адам мерт болған.