World Money қаржы пирамидасы 130 адамды алдап соқты
Оралда қаласында World Money қаржы пирамидасы жарты жылда 130 адамды қатарына тартып үлгерген, деп хабарлайды KazFace.kz.
Компанияның басты шарттарының бірі - 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды да артынан тарту. Яғни, WhatsApp және Telegram арқылы адам әкелу.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін қаржы пирамидасына 130 адам тартылған.
Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз» деп ескертеді агенттіктен.