Қоғам

WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған азамат 8 жылға сотталды

WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған азамат 8 жылға сотталды

Шымкент қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы терроризмді насихаттағаны және экстремистік топтарға адамдарды тартқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KazFace.kz.

2024 жылдың қыркүйегінде ол танысына зорлық-зомбылыққа шақыратын және "Мұсылман бауырлар" халықаралық террористік ұйымының идеологиясын түсіндіретін материалдар жіберген. 

Сондай-ақ, ол Сириядағы террористік топтарға қосылуға үгіттеген. Сот үкімімен азамат ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігі және 296-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Прокуратураның мәліметінше, өткен жылы осындай қылмыстар үшін 10 азамат сотталған. Құзырлы органдар мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.