Қоғам
9-го января 2023 г. 10:49
WhatsApp пайдаланушыларға интернет бұғатталған жағдайда мессенджерге қосылуға мүмкіндік беретін жаңа функцияны енгізді.
Компанияның ресми блогында пайдаланушылардың енді прокси-серверлер арқылы мессенджерді іске қоса алатыны айтылған.
"Интернет үзілістеріне байланысты көпшілігінің жақындарымен байланысу мүмкіндігі жоқ. Бұл адамдарға көмектесу үшін біз бүкіл әлем бойынша WhatsApp қолданушылары үшін прокси-серверлерді қолдауды іске қосамыз", - делінген компанияның хабарламасында.
Айта кету керек, бұл жағдайға Иран билігінің 2022 жылдың аяғында елдегі ұзақ мерзімге созылған жаппай наразылықтарға қатысушылардың WhatsApp пен Instagram-дағы парақшасын бұғаттауы себеп болды. Компания мұны Тегеранның адам құқықтарын тікелей бұзуы деп санайды.