Қоғам

USAID-тен бөлінетін көмек тоқтатылды

USAID-тен бөлінетін көмек тоқтатылды

2025 жылдың қаңтарында АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы берілетін шетелдік көмекті кенеттен тоқтатып, 90 күндік тексеру жүргізуге шешім қабылдады,-деп хабарлайды Kazface.kz finprom сайтына сілтеме жасап.

Тексерудің мақсаты қаржыландырудың "Американың мүдделеріне" сәйкес келетінін анықтау болды. Бұл шаралар аясында банк шоттары бұғатталып, гуманитарлық қызметкерлер жұмыстан босатылды.

USAID – әлемдегі ең ірі қаржылық донорлардың бірі, 2014-2024 жылдар аралығында 280,9 миллиард доллар көлемінде қаражат бөлінген. Трамп әкімшілігі USAID-тің даулы шығындарын, оның ішінде террористік ұйымдармен байланысы бар үкіметтік емес ұйымдарға аударылған қаржыларды, ЛГБТ мәдениетін ілгерілетуге бөлінген миллиондаған долларды және Ауғанстандағы ирригациялық жүйелер мен ауыл шаруашылығына жұмсалған қаржыны сынады.

2024 жылы USAID қаржысының негізгі бөлігі гуманитарлық көмекке (8,7 млрд доллар) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қолдауға (8,5 млрд доллар) жұмсалды. Ең көп көмек алған елдер қатарында Украина (5,4 млрд доллар), Иордания, Эфиопия және Конго Демократиялық Республикасы болды.

Орталық Азия елдері арасында ең көп көмек Тәжікстанға (60,3 млн доллар) берілді, ал Қазақстан 9,5 млн доллар алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28,9%-ға артық.

USAID-тің қаржысы Қазақстанда негізінен денсаулық сақтау (4,8 млн доллар) және мемлекеттік басқару мен азаматтық қоғамды қолдауға (2 млн доллар) бағытталды. Соңғы 10 жылда Қазақстан USAID-тің жалпы сомасы 151,8 млн доллар көлемінде көмек алды.