Спорт әлемі

Универсиада-2023: Қазақстан үшінші алтынға ие болды

Универсиада-2023: Қазақстан үшінші алтынға ие болды

Универсиадада биатлоншылардың 10 шақырымдық спринті өтті. Қазақстан атынан Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Вадим Куралес және Бекентай Тұрлыбеков қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Бекентай Тұрлыбеков екі ату шебінде бірде-бір оқ жібермей, 27:51.5 уақытын көрсетті. Осылайша Қазақстан қоржынына үшінші алтынды әкелді. 

Қола жүлдені тағы бір қазақстандық Александр Мухин жеңіп алды: ол көшбасшыдан 22,2 секундқа қалып, екінші атуда екі рет мүлт кетті (0+2).

Медальдар кестесінде Қазақстан спортшылары үш алтын, бір қола жүлдемен үшінші орынға көтерілді. Алда Жапония (он төрт алтын, тоғыз күміс, үш қола) және Финляндия (үш алтын, бір күміс, бір қола) құрамасы келеді.

Еске салайық, 15 қаңтарда универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түскен болатын. Биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.
Ал 17 қаңтарда Данил Васильев 257,3 ұпаймен қалыпты трамплинде шаңғымен секіру бойынша үздік атанды.