Жаңалықтар

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі мерт болды

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі мерт болды
Ұлттық ұланның әскери қызметшісін әріптесі байқаусызда атып жіберген, деп хабарлайды KazFace.kz ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Олардың айтуынша, қайғылы оқиға 12 қарашада болған.
"Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісін әріптесі абайсызда атып жіберді. Ол шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Бірақ әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады", - делінген хабарламада.
Қазіргі күні қызметтік тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.