Жаңалықтар

Ұлттық банк рубль бағамын өзгертті

Ұлттық банк рубль бағамын өзгертті
Ұлттық банк 2022 жылғы 9 наурызға арналған валюталардың нарықтық бағамын белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, Ресей рублінің бағамы 4,16 теңге болып бекітілді. Рубль бойынша соңғы сауда-саттық 4 наурызда KASE-де өтті, содан кейін рубль бағамы 4,8 теңге болды.

АҚШ долларының бағамы 503,3 теңге болып белгіленді. 5 наурыздағы соңғы сауда-саттықта оның құны 503,79 теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 549,91 теңге деп белгіледі. Соңғы күндері ол бойынша сауда болған жоқ.

Ал, 9 наурызда Ұлттық банк Қазақстан қор биржасында сауда-саттық сағат 15:00-де Франкфурт аукцион форматында ашылатынын хабарлады. Шешім валюта нарығының тұрақсыздануына жол бермеу үшін қабылданды.