Жаңалықтар

Украинамен әуехабарлама тоқтады: сенім телефоны құрылды

Украинамен әуехабарлама тоқтады: сенім телефоны құрылды

Қазақстанда әуе жолаушыларына кеңес беретін сенім телефоны құрылды.

"Украинаға баратын, келетін рейстердің тоқтатылуына байланысты ИИДМ азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігі базасында сенім телефонын құрды +7 7172 79 82 13, +7 7172 79 82 15", - деп ААК хабарлады.

Байланыс орталығының жұмыс кестесі 2022 жылдың 5 наурызына дейін күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.