Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан атауын өзгертуге ұсыныс жасаған елшіге сөгіс берді

Тоқаев Қазақстан атауын өзгертуге ұсыныс жасаған елшіге сөгіс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісіне сөгіс жариялады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады", - делінген Президеттің баспасөз қызметі хабарламасында.