Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Ақпарат Ақорда ресми сайтында жарияланды.
«Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украина мәселесіне қатысты Ресей басшылығының ұстанымы туралы айтты.
Ресей арезиденті Қазақстанмен арадағы достық және одақтастық қатынастарды екі мемлекет халықтарының мүддесіне сай нығайта беруге бейілді екенін нақтылады» делінген ресми сайтта.
Донбастағы жағдай және ДХР мен ЛХР-ды мойындау
Мәскеу уақытымен 21 ақпанда кешке және астана уақытымен түнде Ресей президенті Владимир Путин Донецк халық республикасы мен Луганск Халық Республикасының тәуелсіздігін тану туралы жарлықтарға қол қойды. Өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің басшыларымен достық және өзара көмек туралы, оның ішінде әскери келісім-шарттарға қол қойылды. Бұл Донбастағы ауқымды шиеленіс аясында болған, соның салдарынан ДХР мен ЛХР Ресейге әйелдерді, қарттар мен балаларды жаппай эвакуациялауды, сондай-ақ 18-55 жас аралығындағы ер адамдарды жұмылдыруды жариялады.