Билік
21-го апреля 2022 г. 09:08
Amanat партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.
Оның айтуынша, съезд 26 сәуірге шақырылған. Оған барлық өңірден делегаттар қатысады.
Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында Adal саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған, - деп жазды Асхат Оралов Facebook-парақшасында.