Билік
3-го июля 2024 г. 23:37
Саммит, шын мәнінде, мазмұны жағынан халықаралық сипатқа ие. Елдеріміздің бірқатар халықаралық ұйымға төрағалық етіп отырғанын атап өткім келеді. Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға, ал Ресей БРИКС пен ТМД-ға төраға болып отыр. Сондықтан бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Әлбетте, мұны ҰҚШҰ саммитіне орайластырған тиімдірек болар еді. Екіжақты қарым-қатынасымызға келер болсақ, сіздермен үнемі байланыстамыз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы артып, шамамен 30 миллиард долларға жетті. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді, – деді Ресей Президенті.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету – өте мәртебелі әрі жауапты миссия. Ертең біздің төрағалығымыз аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндаймын. Ұйымның өзінде реформа жүргізіліп жатыр. Әйтсе де бұл оңай шаруа емес. ШЫҰ халықаралық аренада лайықты беделге ие болды. Менің ойымша, бұл – ең табысты халықаралық ұйымдардың бірі. Сонымен қатар бұл – демократиялық сипаттағы ұйым, яғни барлық мемлекеттің теңдік қағидаты сақталады. Әрине, Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайтуға Ресейдің қосқан елеулі үлесін атап өтпеске болмайды. Осы орайда төраға құқығын пайдаланып, Сізге алғыс айтқым келеді, – деді Президент.