Тергеу аяқталды: «Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы — филиалының лауазымды қызметкерлерінің өкілеттіктерін теріс пайдаланғандығы туралы қылмыстық іске қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Аталған филиал ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты болып табылады.
Тергеу барысында, филиал бас директоры мен қызметкері Тараз қаласында орналасқан акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын төмендетілген бағамен, мемлекет мүддесіне қайшы әрекет етіп, кәсіпкердің пайдасына сату арқылы мемлекетке 460 миллион теңгеден астам қаржылық залал келтірген деп күдіктелуде.
Қабылданған шаралар нәтижесінде аталған жылжымайтын мүлік объектісі мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеудің басқа мәліметтері жарияланбайды.
Конституцияның 77-бабының 3-тармағы және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны дәлелденгенше әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.