Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Маңғыстауда "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл жолы "Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінің аумағы қоқыстан тазартылды. Еріктілер тұрмыстық қалдықтарды жинап, ғимарат ішінде де, оған іргелес аумақта да тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Тазарту акциясына "Жасыл ел" жастар жасағының 20-дан астам жастары белсенді қатысты. Қатысушылар тарихи-мәдени кешенді таза және жайлы ұстаудың барлық демалушылар үшін маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ аудан тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаны таза ұстауға бағыттады.
"Отпан тау" тарихи-мәдени кешені Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Бұған дейін "Таза Қазақстан" акциясы аясында ауданда "Ыбықты сай" шатқалының, Тобықты жеріндегі "Бекет ата" жерасты мешітінің, "Масат ата" қорымының аумағында, сондай-ақ, Ақмыш пен Шерқалада сенбіліктер ұйымдастырылды.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында орналасқан "Қошқар ата" қорымында тазалау жұмыстары жүргізілді.
"Қошқар ата" қорымы Ақтау қаласынан 17 шақырым жерде солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне, сондай-ақ Маңғыстау облысының өңірлік маңызы бар киелі объектілерінің тізіміне енгізілген. Зерттеу жұмысының нәтижесінде мұнда 81 тарихи ескерткіш тіркелген.
"Таза Қазақстан" акциясы Мұнайлы ауданы Баянды ауылының маңындағы "Бердібек әулие" қорымының аумағында жалғасты.
Бұдан әрі "Таза Қазақстан" акциясы Қарақия ауданындағы "Бозжыра" шатқалының аумағында жалғасты. Жыл басынан бері "Жабайұшқан" мемлекеттік қорығының аумағында орналасқан "Бозжыра" шатқалына әртүрлі елдерден мыңнан астам турист келіп үлгерді. Аймақта туристердің көп болуына байланысты әртүрлі қалдықтар да көп жиналады. Акция барысында 20 қаптан астам түрлі қоқыс жиналып, арнайы полигонға жөнелтілді.
Сонымен қатар, "Жабайұшқан" қорығының басшысы Ж.Есенғалиев туристік аумаққа келетін жастарға аумақты таза ұстау, өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатаң назар аудару, биік шыңдары бар жартастарға жақындамау, барынша қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ жаңа экологиялық жобалар іске қосылды. "Маңғыстау Эко" үкіметтік емес мекемесі ЖАО қолдауымен өңірдің экологиялық тұрақтылығын жақсартуға, экологиялық хабардарлық деңгейін арттыруға және Маңғыстау облысының тұрғындары арасында экологиялық қозғалысты жандандыруға бағытталған үш маңызды экологиялық жобаны іске қосу туралы жарияланды.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ жаңа экологиялық жобалар іске қосылды. «ЭкоRevolut: жарқын болашаққа арналған инновациялар» және "ЭкоВзгляд: Маңғыстау облысындағы табиғатқа қамқорлық" жобалары.
Осы жобалар аясында Маңғыстаудың бірегей табиғи аумақтарын тазарту бойынша 200-ден астам еріктілердің қатысуымен бірнеше акциялар өткізілді. Осы іс-шаралардың барлығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған "Таза Қазақстан" бастамасына сәйкес келеді.