Қоғам
Пресс-релиз

«Таза Қазақстан» акциясы Алматы облысында

«Таза Қазақстан» акциясы Алматы облысында

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы облысының тұрғындары өз өңірлерін абаттандыруда елеулі белсенділік танытты, деп хабарлайды Kazface.kz.

Экологиялық іс-шараларға жүздеген адамдар қатысты, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, белсенділер мен еріктілер жиналды.

Іле ауданы Ақсай ауылдық округінде «Рыбацкая усадьба» көлінің жағалауын тазарту бойынша «Таза жағалау» акциясы өтті. Іс-шараға 50-ден астам жергілікті тұрғындар белсенді түрде қатысып, көлді қоқыстан тазартуға көмектесті. Тазалық жұмыстарына 1 самосвал мен 1 трактор жұмылдырылды.

Экологиялық акцияны қолдауға аралас жекпе-жектің кәсіби спортшысы, кикбоксинг, тай боксы, ММА, панкратионнан ҚР спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері Сора Рахмонова қатысты.

«Таза Қазақстан-әрқайсымыздың қосқан үлесіміз. Себебі аудандағы тәртіп пен тазалық көбінесе қала тұрғындарының мәдениетіне байланысты. Біз бәріміз әдемі және таза жерде өмір сүргенді ұнатамыз, бірақ оны осылай жасау үшін әрқайсымыз тазалық пен тәртіптің қарапайым ережелерін сақтауымыз керек. Мен спортшы ретінде кез-келген экологиялық акцияларды қолдаймын, Қазақстанда тазалықты сақтауға және қоршаған табиғатты ластамауға тырысу өте жақсы», - деп атап өтті спортшы.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мемлекеттік мекемелер, жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ мәслихат депутаттары белсенді қатысуда. Бұл ауқымды экологиялық іс-шараға облыс бойынша 640 мыңнан астам адам қатысты. Акция нәтижесінде 850-ден астам ескерткіштер мен мұражайлар тазартылды, 48 700 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 67 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды. Іс-шараларды қолдау үшін 2 789 бірлік мамандандырылған техника тартылды.

Облыстың 340 мың оқушысы қатысқан «Өз ағашыңды отырғыз» акциясына ерекше назар аударылды, бұл жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттырудағы маңызды қадам болды.