Жаңалықтар
Пресс-релиз

«Таза Қазақстан» Ақтөбе облысында өтті

«Таза Қазақстан» Ақтөбе облысында өтті

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Ақтөбеліктер Мемлекет басшысының сенбілік өткізуге қатысты ұсынысын зор ықыласпен қабылдады, - деп хабарлайды KazFace.kz.

Ақтөбе қаласында полиция департаменті «Экопатруль» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Полиция қызметкерлері абаттандыру ережесін бұзушыларға ескерту жасап, тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырды. 

Сондай-ақ жауапкершілік пен әкімшілік жазалар туралы 200-ден астам парақша таратты.


Сенбілік Ақтөбе су қоймасының жағасында «Jasyl сгоѕѕ 2024» плоггинг-марафонымен жалғасты. Плоггинг— жүгіруді қоқыс жинаумен біріктіретін экологиялық қозғалыс.

«Таза Қазақстан» акциясына 213 954 тұрғын қатысып, 5 993 мекеме мен кәсіпорын жұмылдырылған. Тазалық шарасы аясында  тұрғын үйлердің аулалары тазартылды. Еріктілер еңбек ардагерлерінің, қарттардың үйлерінің аулаларын ретке келтірді.


276 саябақ пен гүлзардың қоқысы жиналды.  Қала мен елді мекендерде ағаштар мен көшеттер отырғызылды. Көгалдандыруға, әсіресе, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары белсене араласты.

Үш ай ішінде барлығы 205 су айдынының жағалауы  (өзендер, көлдер, бұлақтар) қоқыстан тазартылды. Бұлақтардың айналасы тазартылып, қоршаулар мен орындықтар сырланып, ағаштар әктелді.

300 ге жуық тарихи-мәдени ескерткіштің айналасы тазартылды.

Алаңдарды тазалауға 2866 бірлік техника жұмылдырылды. 

Айта кетері, көптің жұмылып жұмыс істеуінің нәтижесінде  Ақтөбеде 18 тонна қоқыс жиналған.