Жаңалықтар

Таразда қалалық соттың төрағасы сотталды

Таразда қалалық соттың төрағасы сотталды

Жамбыл облысында қалалық соттың төрағасы Алтынбек Мадемаров жемқорлық үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KazFace.kz Антикорға сілтеме жасап. 

- Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылды. Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған, - деп жазылған Антикор ақпаратында. 

Еске сала кетейік, былтыр мамыр айында Мадемаров азаматтық іс бойынша оң шешім шығарамын деп алдап, пара алған болатын.