Жаңалықтар

Талдықорған әкімі мейрамханаларды жарнамалап жүр

Талдықорған әкімі мейрамханаларды жарнамалап жүр

Жаңадан сайланған Талдықорған әкімі Ернат Бәзіл мейрамхананың ашылуына қатысып, оны әкімдіктің ресми парақшаларында жарнамалап жүр деп, хабарлайды KazFace.kz.

Талдықорған әкімдігі мейрамхана жеке қаражат есебінде салынғанын растайды.

Мейрамханның құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған нысан 2 қабаттан тұрады аумағы 1800 шаршы метрді құрайды. 250 орынға арналған мейрамханада жазғы терраса, 3 VIP залы және балалар ойын бөлмесіде бар. Жетісудың төрінде Талдықорғанда ашылып жатқан мейрамхана еліміз бойынша 16-шы болып отыр. Жеке қаражат есебінен салынған мейрамханаға 650 млн.теңге инвестиция тартылған, - делінген әкімдіктің ресми парақшасында.

Ағымдағы жылдың маусымында ғана лауазымына ие болған әкім бұл әрекетімен қоғамда резонанс тудырды.

Талдықорғанда проблема жетеді, ал әкім болса байларға жағымсынып жүр”, “Ресторандардан көз ашпайтын болдық!”, “Қашаннан бері әкімдер ресторанның лентасын қиятын болған?”, “Мен де магазинімнің ашылуына шақырайын деп едім, кімге хабарласса болады мыс”, “Осыныда жаңалық қылып жазып…салмақты іспен айналыспай ма?!, - деп желі қолданушылары наразылықтарын білдіруде.

Ал наразы халыққа әкімдік тараптан берілген жауап жеке кәсіпкер 60 адамды жұмыспен қамтып отыр деуі.

Ең алдымен бұл жеке қаражат есебінен салынған нысан. Осы арқылы қалаға қомақты инвестиция тартылып, 60 қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бұдан бөлек, салықтық түсім жағынан да үлкен көмегін бермек, - деді.

Айта кету керек, Ернат Бәзіл 2023 жылдың маусымында Талдықорған әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін Жетісу облысы әкімінің орынбасары болған. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған.