Тұрсынбек Қабатовтың әйелін халық неге сынауда?
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Ел арна каналындағы ток шоуға қатысқан Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанның әрекеті елдің наразылығын тудырды,деп хабарлайды KazFace.kz.
Отандық каналдағы «Қыздар мен жігіттер» бағдарламасында қатысушылар беті ойылған картон қағазға өз бетін қойып, жасырынған тұлғаны табуы шарт. Ток шоу фрагментінде Бауыржан Момышұлының басы кесілген денесінің кескіні көрсетілген. Оның басының орнына өз басын қойып, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова ток-шоуға қатысқан.
Кеңес одағаның батыры Бауыржан Момышұылының келіні Зейнеп Ахметова Еларнаканалына ренішін білдірді. Ол бұл істі бұлай қалдырмайтындығын айтты.
«Тәуелсіздік, еркіндік, сөз бостандығы деп кейбіреулер аузына келгенін айтып, ойына келгенін сөйлеп, бейбастыққа барып жүр. Адамның жаны түршігетін, жан-дүниеңді құлазытатын хабарды жанашыр кісілердің бірі жіберіп отыр. Қазақстанға белгілі Атамыздың тікесінен тік тұрған суретінің басын ойып, бір әйел адам сол жерге басын сұғып тұр. Оған айналасындағылар тырқылдап күліп, мәз болып отыр. Бұл не деген бассыздық, не деген тексіздік?! Әруақпен ойнап, Атаның әруағын таптап, басын жұлып алуға кім оларға мұндай құқық беріп отыр? Арасында бір депутат бар. Ол не үшін ыржыңдап тұр? Халықтың көзі, құлағы, тілі болады деп сенген халық қалаулысының сиқы сол болса, жетіскен екенбіз. «Әй, тәйт» деуге оның шамасы келген жоқ. Анау ыржақайлармен бірге ыржалаңдап тұрды. Ет сасыса, тұз салады, тұз сасыса, не салады демекші, депутаттың сиқы осы болса, одан не үміт, не қайыр?» - деп Зейнеп Ахметова ашуын білдірді.
Желіде Мөлдір Мұқанның әрекетін сынап жатқандар көп. Кейбір азаматтар бұл әрекетті “көргенсіздік”, “ақымақтық” деп атайды. Айта кетейік, бағдарламадағы командалардың бірінде Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қатысты. Желі қолданушылары бұл ток шоуға қатысқаны үшін депутат та жауап берсін деуде.