Билік

Шымкент әкімі ауысады. Рас па, өтірік пе?

Шымкент әкімі ауысады. Рас па, өтірік пе?

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жариялануда, деп хабарлайды KazFace.kz 

Бұл ақпаратты қала әкімдігі жоққа шығарды. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сондай-ақ қазір қала әкімі Мұрат Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, Әйтенов 2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарып келеді.