Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінген қаражаттан 1 млрд теңге жымқырды

Су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінген қаражаттан 1 млрд теңге жымқырды
Су тасқыны салдарын жоюға бөлінген ақшаны жымқырды деп 5 күдікті ұсталды, деп хабарлайды KazFace.kz

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

-Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша 4 іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады,- деді ведомство басшысы Дмитрий Малахов.

Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ететін айтты.

Сондай-ақ, агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу және өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеу керектігін тапсырды. 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы гидротехникалық нысандарды салуға бөлген.