Қоғам

Стоматологияда қайтыс болған қыз бала ісі бойынша сот үкімі шықты

Стоматологияда қайтыс болған қыз бала ісі бойынша сот үкімі шықты

Астана қаласының соты жеке стоматологиялық клиникада ем қабылдау кезінде үш жасар қыз баланың қайтыс болуына байланысты істі қарауды аяқтады, деп хабарлайды KazFace.kz

Сот үкімімен дәрігер-анестезиолог ҚР қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі бойынша - кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот анестезиологқа 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын және 3 жылға медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны тағайындады.

Сонымен қатар, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистияға байланысты дәрігер негізгі жазадан босатылды.