Қоғам

Құстар мен қаңғыбас жануарларды тамақтандыруға айыппұл салынбайды

Құстар мен қаңғыбас жануарларды тамақтандыруға айыппұл салынбайды

ІІМ мәліметінше, Қазақстанда құстарды және иесіз жануарларды тамақтандырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған, деп хабарлайды KazFace.kz.

Алайда тамақтандыру салдарынан аумақ ластанса, тағам қалдықтары қалдырылса немесе рұқсат етілмеген қоқыс тасталса, ҚР ӘҚБтК-нің 432-2-бабы бойынша жауапкершілік туындайды. Бұл 10 АЕК айыппұлға немесе 40 сағат қоғамдық жұмысқа әкеп соғады. Қайталанса, жаза күшейтіледі.

ІІМ азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.