СҚО-да 50 бас жылқы мұзға батып өлді
Жылқылардың Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Жануарлар 27 қара күні еркін жайылымнан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Kazface.kz ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 желтоқсан күні СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылындағы үйірде 50 жылқының жетіспейтіні туралы хабарлама түсті.
Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Салдарынан мұз жарылып, суға батып кеткен, — делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Айыртау ауданының полиция бөліміне арыздар келіп түспеген.
Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, өлген жануарлардың нақты саны анықталып жатыр.