Қоғам

Сот ұлттық компания филиалының директорына қатысты үкім шығарды

Сот ұлттық компания филиалының директорына қатысты үкім шығарды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ұлттық компания филиалының директорына қатысты  21 млн теңге шығын үшін  үкім  жариялады, деп хабарлайды Kazface.kz.

Ұлттық компания филиалының директоры ретінде ол өзінің танысын инженер лауазымы  қызметіне  орналастырған, бірақ ол іс жүзінде жұмыс істемеген. 2019 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың шілдесі аралығында ол жұмыс уақытында директордың коттеджінің құрылысымен айналысқан. Ал, жалақыны инжинер ретінде компаниядан төрт жыл қатарынан алып отырған.

"Сотталушының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде акционерлік қоғамға жалақы және еңбек қызметіне байланысты басқа да төлемдер түрінде 21 066 027 теңге сомасында аса ірі залал келтірілді", - деп хабарлады сотта.

Сотталушы кінәні мойындамады және қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығы үшін оны ақтауды сұрады. Алайда оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, аударымдар туралы банктік үзінділермен, сараптама қорытындысымен, тексеру актісімен, сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен дәлелденді.

Жеңілдететін мән-жай ретінде жаза тағайындау кезінде сот сотталушының екі жас баласы бар екенін ескерді.

Нәтижесінде сот филиалдың бұрынғы директорын мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға және 8 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.