Қоғам

Әскердегі кісі өлімі тоқтар емес

Әскердегі кісі өлімі тоқтар емес

Қазақстанда міндетті әскери қызметтің күшін жою туралы петиция басталды,-деп хабарлайды KazFace.kz.

Маңғыстау полигонында солдат атылғаннан кейін қазақстандықтар елдегі міндетті әскери қызметті жою туралы петиция құрды.

Петиция e-Petition сайтында жарияланған. Мәтінде Қазақстанда мерзімді қызметтің жойылуы, әсіресе, қазіргі жүйенің кемшіліктерін атап көрсететін әскери қызметшілердің қайғылы өлімі аясында өзекті тақырыпқа айналатыны айтылған.

"Қазақстандағы әскерге шақырылушылар арасындағы өлім-жітім, әсіресе жарғылық емес қатынастар, жеткіліксіз дайындық және тиімді медициналық бақылаудың болмауы жағдайында мерзімді қызметтің осалдығын көрсетеді. Кәсіби армияға ауысу қызметтің қауіпсіздігі мен жағдайын жақсартып қана қоймай, әскери қызметшілердің біліктілік деңгейін арттырып, қайғылы оқиғалардың санын азайтады", – деді Аян.

Бұл петициядан үміт күткен оқырмандар “жастар әскери борышын өтеуі дұрыс, бірақ, қауіпсіздік осал болып тұр” ,”дұрыс ай сайын өлім болып кетті”, “келісімшарт қызметкері болуы керек“,”қай жерде қол қойсақ болады”- деп қолдау білдіруде.