Қоғам

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шықты

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шықты

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары министрліктер үйінің алдында әділдік талап етті, деп хабарлайды KazFace.kz.

Көз жастарына ерік беріп, ашуға булыққан ата-аналар министрліктер алдына әділдік талап етіп шықты. 

«Біз шындықты білгіміз келеді», «Балаларымызды әскерде өлсін деп туған жоқпыз» — деп өз наразылықтарын білдірді.

Әзірге аналардың алдына ешқандай шенеунік шыққан жоқ. Бұған дейінгі мәліметтерге сәйкес, соңғы үш жылда әскерде 270-тен астам сарбаз қаза тапқан. Көп жағдайда іс материалдары жабылып, ата-аналар шындыққа қол жеткізе алмай келеді. Сол себепті бірде-бір шенді немесе генерал жауапкершілікке тартылған емес.