СІМ: ЛХР мен ДХР-ды тану туралы сұрақ тұрған жоқ
Қазақстан СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ды мойындауға қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Өздеріңіз білесіздер, кеше Ресей президенті Донецк пен Луганс халық республикаларын растау (мойындау - авт.еск.) жөнінде шешім қабылдады. Сондықтан, қазіргі жағдай күрделі, шиеленісіп бара жатыр. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр", - деді министр.
Министрдің айтуынша, қазір ЛХР мен ДХР-ды тану туралы сұрақ тұрған жоқ.
"Мұндай сұрақ тұрған жоқ. Ең біріншіден біз халықаралық құқық негізінде және БҰҰ-ның ұстанымын ұстанамыз", - деді Мұхтар Тілеуберді.
Ол тілшілердің "бейтарыптықты сақтайсыздар ғой" деген сұрағына әрине деп жауап берді.
Сондай-ақ, Мұхтар Тілеуберді журналистердің "Путин өтініш білдірсе, Қазақстан ҰҚШҰ-мен Донбассқа өз әскерін жібереді ме" деген сұрағына жауап берді.
"Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар оған Қазақстан мүше мемлекет. Бірақ бұл ұйымнан ол жаққа әскер жіберуге құқығы жоқ", - деді
Еске салайық, бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойған болатын.