Шымкетте ХҚКО қызметкері алаяқ болып шықты
Шымкентте 15 адамды 200 млн теңгеге алдаған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкім шығарырды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы ретінде әйел бірқатар алаяқтық жасаған. 2022 жылы Шымкент тұрғындарының бірінің сеніміне кіріп, оған 20,0800 га жер учаскесін жекешелендіруге көмектесемін деп уәде берген. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесетінін айтып, тағы алдаған.
“Бұл үшін сотталушы жәбірленушіден жалпы сомасы 113 000 000 теңге ақша алған. Қалған 14 жәбірленушілерді де мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде беріп, алдап соққан. Жалпы шығын 71 356 000 теңгені құрады", - деді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
ХҚКО-ның бұрынғы қызметкері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот залында қамауға алынды. Ол жасаған қылмысы үшін алты жылға және сегіз айға бас бостандығынан айырылды.