Жаңалықтар

Шымкент тұрғыны Instagram арқылы 96 млн-ға байыды

Шымкент тұрғыны Instagram арқылы 96 млн-ға байыды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Instagram-дағы заңсыз лотерея Шымкент тұрғынын 96 миллион теңгеге байытты. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмай, бір жылға бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды KazFace.kz.

Шымкент тұрғыны "лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңның талаптарын бұза отырып, тиісті лицензиясы жоқ, "ЛОТО" ойынын екі аккаунттан тікелей эфирде өткізгені белгілі болды.

Лотерея ұтысына Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі, Samsung смартфондары, IPhone, Redmi, зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техника қойылыпты. Көрсетілген заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер ретінде танылды, - дейді жауаптылар.

Сонымен қатар, ол лотерея билеттерін сату бойынша белсенді жарнаманы жүзеге асырған. Мәселен,  (1 дана – 5000 теңге, 3 дана – 10 000 теңге, 6 дана – 20 000 теңге, 12 дана – 40 000 теңге, 30 дана – 100 000 теңге).

Сатылған билеттер бойынша ақшалай қаражат өзінің карточкалық шотына және туыстарының шоттарына түсіп отырған.

Мәселен, 2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттер сомасы 96 млн теңгеден асты.

"Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі бойынша алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәркіленді", деп  ҚР қаржылық мониторинг баспасөз хатшылығы мәлімдеді.