ШЫҰ бас хатшысы қызметіне Нұрлан Ермекбаев тағайындалды
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Қорғаныс экс-министрі Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025-2027 жылдарға арналған бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бас хатшыны тағайындау шешімі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде бүгін қабылданды. Нұрлан Ермекбаев 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап міндеттеріне кіріседі. Қазір ШЫҰ бас хатшысы қызметін ҚХР өкілі Чжан Мин атқарады.
Естеріңізге сала кетейік, Ермекбаев бұған дейін ҚР қорғаныс министрлігін басқарған болатын. Бұл қызметке ол 2018 жылдың тамызында тағайындалды. 2021 жылдың тамыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевты ҚР Қорғаныс министрі қызметінен босатты.
Бұған дейін Ермекбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі - қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған. Бұрын дін істері және азаматтық қоғам министрлігін басқарған.
ШЫҰ бас хатшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Ермекбаев ұйым бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған. Кезінде ҚР СІМ басшысының орынбасары, президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған, ҚР-ның ҚХР, Вьетнам және КХДР-дағы дипломатиялық миссияларын басқарған.
Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы Шымкентте дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-химиялық институтын, Мәскеу қаласындағы КСРО Қорғаныс министрлігінің әскери қызыл ту орденді институтын бітірген.
Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы, сырттай аяқтаған.