Жаңалықтар

Шерзаттың отбасы Айтбек Нукеновтың көмегіне неге қарсы?

Шерзаттың отбасы Айтбек Нукеновтың көмегіне неге қарсы?

Шерзат Болаттың отбасы адвокаттардан емес, Айтбек Нукеновтан бас тартып отыр, деп хабарлайды KazFace.kz.

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нурымов пен оның туыстары адвокаттардан бас тартпаған, тек Айтбек Нукеновпен байланысын үзуді ұйғарған. Қазіргі таңда олардың заңды мүдделерін қорғау үшін Мейрман Шекеев пен Жандос Балманов жұмыс істейді.

Мейрман Шекеевтің сөзінше, Қаржаубай мен Гүлбара ханым өздеріне сенімхат берген. Ал олар болса осы іске қатысты өздерінің командасын құрмақшы.

Жаңа адвокаттар Шерзаттың мүддесін қорғауды жалғастырады. Сондай-ақ, бұл істі қолдау үшін басқа адвокаттарды да шақыруға дайын екенін білдірген. Сонымен бірге Шекеев бұрынғы қорғаушылардан іс материалдарын сұратқанын, бірақ екі күннен бері олардың құжаттарды жібермегенін атап өтті.

Еске салсақ, Айтбек Нукеновтың ұсынған адвокаттарынан бас тарту туралы хабар 18 наурызда белгілі болды.