Жұлдыздар өмірі

Шахматтан әлем чемпионы Қазыбекке автокөлік сыйлады

Шахматтан әлем чемпионы Қазыбекке автокөлік сыйлады
Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Жуырда Үнді елінде өткен шахмат жарысынан жүлделі оралған  жас спортшы Қазыбек Нөгербекке  автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлайды Kazface.kz.

Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионаты аяқталды. Біріншіліктің жабылу салтанатында шахматтан 20 жасқа дейінгі жаңа әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке Қазақстан шахмат федерациясының  президенті Тимур Турлов су жаңа электрокарды сыйға тартты.  

Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек Үндістанда өткен әлем чемпионатында классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, жарыстың чемпионы атанды. Қазір оның FIDE-дегі рейтингі – 2501 ұпай. Үндістандағы тарихи жеңісінен кейін Қазыбек Нөгербек әлем кубогына жолдама алды.