Билік

Серік Сәпиев Қарағанды облысының спортын басқарды

Серік Сәпиев Қарағанды облысының спортын басқарды

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды. Ол Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады, деп хабарлайды KazFace.kz

41 жастағы Серік Сәпиев - экс-кәсіпқой боксшы. 2017-2019 жылдары мәжіліс депутаты, одан кейін екі жыл туризм және спорт министрлігінің спорт комитетін басқарды. Кейінгі уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды.

Еске сала кетейік,   Серік Сәпиев 2020 жылы дене  шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы қызметінде жүріп, төрт айға декреттік демалысқа шығып басы дауға қалған еді. Оның ұзақ уақытқа демалысқа шығуын оның орынбасарларының ұсталуымен байланыстырған болатын.

Кейін 2021 жылы жазда өткен Токио Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар жоғары нәтиже көрсете алмағандықтан Серик Сапиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымынан өз еркімен босатылды.