Жаңалықтар

Серік Күдебаев ұсталды

Серік Күдебаев ұсталды

 

Қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ұсталды, деп хабарлайды KazFace.kz бас прокурорға сілтеме жасап. 

Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. Ол Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы ассамблеясы сессияның кулуарында журналистердің сұрағына жауап беру барысында генерал-майор Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпаратты растады. 

Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын. Алайда, күдіктінің ел аумағынан тысқары бой тасалағанын шекара қызметі наурыздың 27-і күні бір-ақ білген. Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісіне қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.