Билік

Сенат ЛГБТ насихатын шектеу туралы түзетулерді қабылдады

Сенат ЛГБТ насихатын шектеу туралы түзетулерді қабылдады

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Сенат архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Құжатта ЛГБТ насихатын шектеу нормалары қарастырылған.

Заң жобасын таныстырған сенатор Нұртөре Жүсіптің айтуынша, түзетулердің басты мақсаты – балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау. Қоғамдық кеңістікте, БАҚ пен онлайн-платформаларда педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын контентті шектеу көзделген.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов бұл нормалар ЛГБТ өкілдеріне қарсы емес, тек балаларды қорғауға бағытталғанын айтты.