Жаңалықтар

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам өмірден озды

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам өмірден озды
Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Ұзақ аурудың салдарынан 78 жасында қазақстандық публицист және саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам қайтыс болды. Бұл туралы журналист Гульжан Ергалиева өзінің Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды KazFace.kz.
"Қайғылы хабар келді - әйгілі журналист және жазушы Сейдахмет Құттықадам қайтыс болды. Біздің оппозициядағы әріптесіміз, тамаша адам және мейірімді жолдасымыз", - деп жазады Ергалиева. 
Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Журналистикадағы жолын «Арай-Заря» журналынан бастаған. Кейіннен бірқатар республикалық газеттер мен журналдардың бас редакторы болып жұмыс істеді. 

Айта кетейік, Сейдахмет Құттықадам еліміздің құрметті журналисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері болған. Сондай-ақ, ол "Ұлт қызметі" (2009), "Қазақ драмасы" (2010) және тағыда сол сияқты танымал кітаптардың авторы.