Билік

Сарыағаштағы сот төрағасы заңсыз үкім шығарған

Сарыағаштағы сот төрағасы заңсыз үкім шығарған

Жоғарғы сот Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге мамыр айында заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды KazFace.kz 

Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрғазы Шетенов кішкентай қызды өлтірген күдіктіге заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметінен босатылады. 

Атап өту керек, оқиға 13 шілде күні Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған. Ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақатын алған 5 жасар қыз өлі табылған еді. Ал күдікті бұрын сотталған 1975 жылы туған нашақор болып шыққан. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайға назар аударып, бұл істі жан-жақты тексеруді талап етті. Қаза болған қыздың әкесі қылмысты жасады деп күдікке ілінген нашақорға дұрыс емес үкім шығарғандарды жазалау керектігін айтады.