Жаңалықтар

Самат Әбішке қарсы тергеу басталды

Самат Әбішке қарсы тергеу басталды

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Бас прокуратура ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары болған Самат Әбішке қарсы тергеу жүргізіп жатыр, деп жеткізеді KazFace.kz. 

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қаңтардағы оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, - делінген бас прокуратура хабарламасында. 

Айта кету керек, тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерттеумен байланысты екені белгілі. 

ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. 

Сонымен қатар, қадағалау ведомствосы конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті. Тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады бас прокуратура.

Еске сала кетейік, Самат Әбіш ұсталған ҰҚК-нің экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болған.