Қоғам

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының үш жылдық табысы 805 млн теңгеден асты

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының үш жылдық табысы 805 млн теңгеден асты

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022–2024 жылдар аралығындағы кірістері туралы декларациясын жариялады, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Декларацияға сәйкес, Нұрлан Жақыповтың табысы:
    •    2022 жылы – 422 182 000 теңге,
    •    2023 жылы – 186 543 551 теңге,
    •    2024 жылы – 197 259 412 теңге болған.

Осылайша, соңғы үш жылда басқарма төрағасының жалпы табысы 805 984 963 теңгені құраған.

Сонымен қатар, 2024 жылға арналған кірістер декларациясын «Самұрық-Қазына» қоры басқарма мүшесі, даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор Салтанат Сәтжан да тапсырған. Оның жылдық табысы 8 273 745 теңге деп көрсетілген.

Ал қордың Бейжіңдегі өкілдігі басшысы Сәкен Мұратұлының жұбайы Гүлнұр Нұркеева 2024 жылы 96 314 355 теңге табыс тапқанын декларациялаған.