«Шайды қант емес, балмен ішемін» - Бақыт Сұлтанов
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-де өткен брифинг кезінде қантты соңғы рет қашан және қандай бағада сатып алғаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бақыт Сұлтанов екі апта бұрын ірі сауда орталығынан 470 теңгеге қант сатып алғанын мәлімдеді. Қазір оның айтуынша, ол жерде құмшекерді 480 теңгеге сатып алуға болады.
"Мен жағдайды көріп-біліп отырмын. Жеке басыма қатысты сұрақ қойған екенсіздер – мен қантпен шай ішпеймін, балмен шай ішемін", – деп жауап берді Сұлтанов.
Бұл мәселеге Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те пікір білдірді.
"Соңғы рет ірі сауда орталығынан бір келі қантты 620 теңгеге сатып алдым. Өз басым қантсыз шай ішемін", – деді ол.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстандағы қант бойынша жағдайдың қашан тұрақтанатыны туралы болжам айтқан еді.