Жаңалықтар
8-го сентября 2023 г. 18:57
Бурабайдағы ірі қонақүй “Roxos-Borovoe”-нің 17 қызметкері уланып, оның тоғызы ауруханаға жеткізілген,-деп хабарлайды KazFace.kz
Барлық науқаста бактериялық ішек инфекциясы анықталды. Олардың симптомдары бірдей: құсу, диарея және жоғары температура. Қажетті ем-домнан кейін көпшілігі өздерін жақсы сезінді, - деді Көкшетау жұқпалы аурулар орталығы мамандары.
Қазір қонақүйдің мейрамханасында жоспардан тыс тексеру жүргізілуде.
Айта кету керек, қонақүй Forbes тізіміндегі олигарх Болат Өтемұратовқа тиесілі. Ол Қазақстанның ең бай адамдарының қатарында.