Рим Папасы қатысатын діни мессаға қалай жетуге болады?
Алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі аясында 14 қыркүйекте Рим Папасы Францисктің қатысуымен кең ауқымды діни Месса өтеді деп күтілуде.
Іс-шара 14 қыркүйек күні сағат 16:45-те Мәңгілік Ел даңғылы, В1 мекенжайында ұйымдастырылады (ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағы, «Нұр Әлем» павильонының алдындағы алаңда, стелланың жанында).
1 қыркүйектен бастап діни кешке барғысы келетіндердің барлығына kassir.kz сайтында онлайн тіркелу ашылды. Тіркелу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) деректерін және толық аты-жөнін енгізу қажет. Тіркеу 11 қыркүйекке дейін жалғасады.
Месаға кез келген дін мен конфессияның өкілдері қатыса алады. Рим Папаның қатысуымен өтетін көпшілік іс-шараға барған кезде, жиналғандар тәртіпті сақтау үшін бірқатар ережелерге бағынуы керек.
Қасиетті Месса өтетін аумақта тыйым салынады:
- Мас күйде кіру, темекі шегу, алкогольді, қарудың және оқ-дәрілердің кез келген түрін, тесетін және кесетін заттарды, жанғыш заттарды, лазерлік құрылғыларды алып жүру.
- Кез келген бөтелкедегі суды тасымалдау. Әрбір секторде ауыз су болады. Өзіңізбен бірге жеңіл тағамдарға (сэндвичтер және т.б.), сондай-ақ балалар тағамын алуға болады.
- Қолшатырларды сектор аймағына әкелу. Әр қатысушыға кәжең беріледі.
- Арандатудың, қорлаудың, кез-келген ұрандарының (транспоранттар) көріністеріне және басқа да арандатушылық әрекет түрлеріне тыйым салынады;
- Билетте көрсетілген өз секторыңыздан тыс жерге көшуге тыйым салынады. Іс-шара басталғаннан кейін, одан шыққан болсаңыз қайта кіру мүмкіндігі болмайды.
- Іс-шараны өткізу аймағына рұқсатсыз кіруге тыйым салынады.
Келесі ұсыныстарды орындауыңызды сұраймыз:
- Іс-шараға сәйкес киім үлгісін ұстау. Әдепсіз және ашық-шашық киім киюден бас тартуды сұраймыз;
- Рим Папасы Францисктің папамобильде өтуі кезінде сығылысу және басқа төтенше жағдайлардың болмауы үшін барынша ұстамды болуға шақырамыз.
Сіздердің назарларыңызды Қасиетті Месса тек католиктер секторында орындалатынына аударғымыз келеді.
Электрондық билет қонақтардың секторға кіруіне кепілдік береді. Орындар саны шектеулі және Қазақстан облыстарынан, алыс-жақын шетелдерден қажылар туралы ақпарат түскеннен кейін таратылады.
Шараға қатысушыларға кептеліс тудырмас үшін жеке көлікті пайдаланбауға да кеңес беріледі. Ыңғайлы болу үшін көлігіңізді қалдырып, арнайы автобусқа («Шатл автобус» деп аталатын) ауысуға болатын 12 тегін автотұрақ қарастырылған. Шара соңында сол автобустар барлығын қабылдау пункттеріне қайтарады.
Автокөлікті қалдыруға және автобустарға тасымалдауға болатын орындардың мекенжайлары:
«Алматы» ауданы
– Триатлон саябағы («Solo» / «Astana Music Hall» мейрамханасының алдындағы автотұрақ, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 1)
– әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5)
– «Қазақстан» спорт сарайы (Қажымұқан көшесі, 7)
– «Нұрлы жол» теміржол вокзалының алдындағы автотұрақ (А-82, 8)
– Ішкі істер министрлігінің автотұрағы (Тәуелсіздік даңғылы, 1)
«Есіл» ауданы
— «Барыс Арена» автотұрағы (Тұран даңғылы, 57)
— «Астана Арена» автотұрағы (Тұран даңғылы, 48)
— «Астана Опера» автотұрағы (Дінмұхамед Қонаев к-сі, 1)
— «Астана» / Орталық саябақ (Тұран к., 5/1)
— Салтанат сарайының маңындағы автотұрақ (Қабанбай батыр даңғылы, 3)
«Сарыарқа» ауданы
— «Park INN» автотұрағы (Кенесары к-сі – Сарыарқа к. қиылысы)
— «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалының алдындағы автотұрақ (Әулие Гете 1)
Қазіргі уақытта дұға қызметіне 10 000-ға жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Оның ішінде 3000 астамы республика облыстарынан, 500-ден астамы алыс және жақын шетелдерден келеді. Шет елдердің географиясы мынадай: Румыния, Германия, Польша, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Грузия, Түркіменстан, Беларусь, Тәжікстан. Қазақстан Республикасына келетін болсақ, қажылардың ең көп саны Қарағандыдан – 770, Ақмоладан – 360, Солтүстік Қазақстаннан – 227, Павлодардан – 141 және Алматыдан – 132 облыстан, Нұр-Сұлтаннан – 880 және Алматыдан – 150 адам күтілуде.
Барлық соңғы жаңалықтарды https://religions-congress.org/ сайтынан және VII Съездің ресми әлеуметтік желілерінен білуге болады: Facebook, Instagram, Telegram, Twitter.
Құрметпен,
Назым Жанғазинова
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің ресми өкілі. E-mail: press.religionscongress@gmail.com
+7 702 667 07 00
+7 701 887 8326