Жұлдыздар өмірі
25-го апреля 2023 г. 12:46
Қазақстандық танымал топ «Ирина Кайратовна»-ның бұрынғы режиссері Қуаныш Бейсеков шаңырақ көтерді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы режиссер әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Алланың қалауымен некемізді қидық – деп жазды Қуаныш Бейсеков.
Белгілі болғандай, 27 жастағы Қуаныштың жары актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай екен. Ол «Қазақ хандығы» фильміндегі Бұрындық ханның әйелі Қызданайдың рөлін сомдау арқылы көрермендерге танымал болған. Ғазиза кино әлемінен бөлек, кәсіпкерлікпен де айналысады. Ол ұлттық киімдер тігетін киімдер брендінің иесі.
Айта кету керек, бұл актрисаның екінші рет тұрмыс құруы. Оның бірінші некесінен ұлы бар.