Ресейлік журналист Нобель медалін 103,5 млн долларға сатты
2021 жылы Бейбітшілік сыйлығын алған «Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Мұратовтың Нобель медалі 103,5 млн долларға сатылды.
Аукционды америкалық Heritage Auctions аукцион үйі 20 маусым күні кешке Нью-Йоркте өткізді. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ.
Медальді сатудан түскен барлық қаражат ЮНИСЕФ-тің украиндық босқын балалар мен олардың отбасыларына көмектесу жөніндегі гуманитарлық миссиясын қолдауға жұмсалады.
Еске салсақ, Дмитрий Мұратов пен филиппиндік журналист Мария Ресса «демократия мен бейбітшіліктің алғышарты ретінде танылған сөз бостандығын сақтаудағы күш-жігері үшін» 2021 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаттары атанды. «Новая газетаның» бас редакторы ақшалай сыйлықтағы өз үлесін қайырымдылық ұйымдарына берді.
Мұратов медальді 22 наурызда аукционға қою туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
«Біз бұл туралы «Новая газета» редакциясында ұзақ ойланып, бізден әлдеқайда нашар адамдар бар екенін түсіндік. Бұл босқындар. Науқас украин балалары. Олар бізден әлдеқайда нашар» деді ол Нобель медалін сату туралы шешімді «қызметкерлердің 100% қолдағанын» баса айтты.