Жаңалықтар

Ресей өз азаматтарына Қазақстанда еркін жүріп-тұруға рұқсат берді

Ресей өз азаматтарына Қазақстанда еркін жүріп-тұруға рұқсат берді

Ресей өкіметі азаматтарына 30 наурыздан бастап Қазақстан мен Моңғолия елдеріне емін-еркін жүріп-тұруға рұқсат берді деп хабарлады turkystan.kz.

Ресейдің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штабының хабарлауынша, енді шетелде жұмыс істегесі келетін кез келген азамат Қазақстан мен Моңғолияның шекарасын аттап басып, емін-еркін жүре алады. Бұған дейін Ресейде індеттің кеңінен таралуына байланысты шекара уақытша жабылған болатын.

Қазір осы мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қазақстан азаматтарының көбісі өздерін ресейлік мамандардың жұмыс орындарынан ығыстырып, тартып алулары мүмкін екенін айтуда.