Жаңалықтар

Рауан Кенжеханұлы халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті болып сайланды

Рауан Кенжеханұлы халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті болып сайланды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігіне жаңа президент сайланды, деп хабарлайды KazFace.kz

Астанада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтті.

Құрылтай барысында ұйымның президенті Берік Әбдіғалиұлы өзінің мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты орнына басқа адамды ұсынатынын атап өтті.

Осылайша қоғамның президенттігіне Bilim Media Group компаниясының басшысы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлының кандидатурасы ұсынылды.

Құрылтайға республиканың әр түкпірінен жиналған делегаттар ашық дауыс берді.

Нәтижесінде Рауан Кенжеханұлы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланды.