Жаңалықтар

Құрылтайда халықтың үні шын мәнінде естілуі тиіс – Мемлекет басшысы

Құрылтайда халықтың үні шын мәнінде естілуі тиіс – Мемлекет басшысы

Құрылтай ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатына кәміл сенемін. Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылтайға Парламент депутаттары, саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де шақырылды. Үкіметтік емес және кәсіби ұйымдардың өкілдері де шет қалған жоқ. Құрылтай құрамына өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелерін қостық. Мен Ұлттық құрылтай атына заты сай болып, ел үмітін ақтайды деп сенемін. Бізде түрлі пікірталас алаңдары бар, бірақ құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай - кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент отырыстарды дұрыс ұйымдастыру керек екенін қадап айтты.

«Бұл жерде халықтың үні шын мәнінде естілуі тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек. Бұл ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатына кәміл сенемін», - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген болатын.