"Құпия": Вице-министр Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан әскеріне бөлінетін қаржының қайда жұмсалатынын айтудан бас тартты
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан әскерінің 2023-2025 жылға арналған бюджеті туралы сенат отырысында мәлімдеді.
Қаржы министрлігінің айтуынша әскерді жетілдіруге және әскери қызмет шарттарын жақсартуға қосымша 95 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Сенат отырысының кулуарында журналистер бұл қаржының қайда жұмсалатынын сұрағанда министр жұмбақтап жауап берді.
"Қорғаныспен, әскермен байланыстының барлығы құпия. Мұнда қаржының басым бөлігі күштік құрылым қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталады. Бұл Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және тағы басқа мемлекеттік органдар. Қандай көлемде болатыны құпия", – деді Дәурен Темірбеков.
Сондай-ақ, вице-министрдің сөзінше, бюджет ашық және жабық болып бөлінеді. Қорғаныс саласындағы қызметкерлердің қанша жалақы алатыны құпия болып қалмақ.